Is your region - Almaty?
Yes    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Is your region - Almaty?
Yes    

АО «Jusan Mobile» и ГКЭ «Туркментелеком» 25.10.2021


«Jusan Mobile» АҚ мен «Түркментелеком» ГКЭ кабельдік шекара өткелін салу және Қазақстан мен Түрікменстан шекарасында телекоммуникациялық желілерді түйістіру ниеті туралы келісім жасасты

 

25 қазанда Ашхабад қаласында Қазақстан мен Түркіменстан Мемлекет басшыларының қатысуымен «Jusan Mobile» АҚ мен «Түркментелеком» ГКЭ телекоммуникация желілерінің түйісу құрылысын салу ниеті туралы келісімге қол қойылды.

 

Темір-Баба шекаралық өткелі ауданындағы телекоммуникациялық желілердің түйісуі біздің елдеріміздің телекоммуникация желілерін біріктіру кезеңдерінің біріне айналады және өзара дауыстық трафикті өткізуге, "Jusan Mobile" АҚ желісі арқылы Түрікменстан, Ауғанстан және Иран желілеріне интернет-трафикті ұйымдастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуетін пайдалана отырып, Түрікменстан үшін Ресей, Еуропа және оңтүстік-шығыс Азия елдері бағытында транзитті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін «Jusan Mobile» АҚ қолданыстағы желіні жаңғырту бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді және жаңа тораптар салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта компания 4 елден 18 халықаралық оператормен 7 халықаралық өткелге ие.

 

«Jusan Mobile» АҚ Басқарма Төрағасы Ертоле Тулегенов атап өткендей, осы жобаны іске асыру халықаралық телекоммуникациялық бизнесті дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған, ол телекоммуникация индустриясының әлемдік рейтингіндегі өңірдің позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

________________________________________________________________________________

Jusan Mobile Акционерлік қоғамы (бұрынғы «KazTransСom» АҚ), Қазақстан Республикасындағы байланыс операторы. Қызметтің негізгі бағыттары: телекоммуникация қызметтерін ұсыну, өзіндік деректер орталығының бұлтты қызметтері, техникалық қызмет көрсету, жүйелік интеграция, IT-аутсорсинг.

Қоғам 2001 жылы үш компанияның: «КаспийМунайБайланыс» АҚ, «Актюбнефтесвязь» АҚ және «Байланыс» АҚ бірігуі нәтижесінде құрылды.

2021 жылдың 20 қыркүйегінде «KazTransСom» АҚ «Jusan Mobile» АҚ болып өзгертілді.

 

АО «Jusan Mobile» и ГКЭ «Туркментелеком» заключили соглашение о намерениях строительства кабельного пограничного перехода и стыковке телекоммуникационных сетей на границе Казахстана и Туркменистана

 

25 октября в г. Ашхабад, состоялось подписание Соглашения о намерениях строительства  стыка сетей телекоммуникаций АО «Jusan Mobile» и  ГКЭ «Туркментелеком» с участием Глав государств Казахстана и Туркменистана.

 

Стык телекоммуникационных сетей в районе пограничного перехода Темир-Баба станет одним из этапов интеграции сетей телекоммуникаций наших стран и позволит пропуск взаимного голосового трафика, организовывать через сеть АО «Jusan Mobile» интернет трафик на сети Туркменистана, Афганистана и Ирана, а также обеспечивать транзит для Туркменистана, используя потенциал Республики Казахстан, в направлении России, Европы и стран Юго-восточной Азии.

 

Для развития транзитного потенциала Казахстана, АО «Jusan Mobile» постоянно проводит работы по модернизации существующей сети и планирует строительство новых стыков. В настоящее время компания имеет 7 международных переходов с 18-ю международными операторами из 4-х стран.

 

Как отметил Председатель Правления АО «Jusan Mobile» Ертоле Тулегенов, реализация данного проекта направлена на взаимовыгодное сотрудничество в развитии международного телекоммуникационного бизнеса, который позволит улучшить позиции региона в мировом рейтинге телекоммуникационной индустрии.

________________________________________________________________________________

Акционерное общество Jusan Mobile (ранее АО «KazTransСom»), оператор связи в Республике Казахстан. Основные направления деятельности: предоставление услуг телекоммуникаций, облачные сервисы собственного Дата центра, техническое обслуживание, системная интеграция, IT-аутсорсинг.

Общество образовано в 2001 году в результате слияния трех компаний: АО «КаспийМунайБайланыс», АО «Актюбнефтесвязь» и АО «Байланыс».

20 сентября 2021 года АО «KazTransСom» было переименовано в АО «Jusan Mobile».