«Jusan Mobile» АҚ телекоммуникациялық қызметтер саласында өз қызметін жүзеге асыра отырып, қолданыстағы халықаралық, мемлекеттік, жергілікті заңнамалық, корпоративтік актілер мен тапсырыс берушілердің талаптарына, ISO 45001 халықаралық стандартына сәйкес қоғамның өндірістік қызметі барысында туындайтын денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер мен қауіптерді сәйкестендіруді, бағалауды, бақылауды жүргізеді және бақылаудың қажетті құралдарын енгізеді. Біз «Jusan Mobile» АҚ жұмыс істейтін қызметкерлері, клиенттері, жеткізушілері, серіктестері және «KazTransCom» АҚ ықпал ету аймағында тұратын тұрғындар үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға ұмтыламыз.
«Jusan Mobile» АҚ Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясатының негізгі басым бағыттары:
• «Jusan Mobile» АҚ қызметкерлерінің денсаулығын қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында қауіптерді алдын алу және азайту мақсатында ұйымдастыру- техникалық, санитарлық- гигиеналық, әлеуметтік- экономикалық іс- шаралар кешенін жүзеге асыру, кәсіби аурулардың алдын алу.
• Денсаулыққа зиян, өндірістік жарақат, оқыс оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша тиімді шараларды орындау.
• Әрбір бөлімшеде, әрбір құрылымдық бөлімшеде қауіптер мен белгілі бір қатерлерді тұрақты бақылау және талдау.
• Қатерлерді азайту және қауіптерді азайту бойынша тиімді шараларды орындау.
• Әр түрлі бөлімшелерде талап етілетін әрекеттердің орындалуын бақылау.
• ДСЕҚ басшылығы тарапынан жүйелі талдау.
• Қызметкерлерді еңбекті қауіпсіз ұйымдастыруға және жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне, прогрессивті халықаралық және отандық тәжірибені қолдануға үйрету.
• Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, телекоммуникациялық компаниялардың Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметін реттемелейтін салалық және корпоративтік нормативтік талаптардың, ХС ISO 45001, сондай-ақ тапсырыс берушілердің талаптарының кешенді сақталуын қамтамасыз ету.
• Әрбір қызметкердің назарына оның құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ «Jusan Mobile» АҚ Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар үшін қабылдаған барлық өзгерістер туралы жеткізу.
• «Jusan Mobile» АҚ-ның Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметі туралы мүдделі тараптарды хабардар ету;
• Нәтижелілікті үнемі жақсарту және денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін өзектендіру.
«Jusan Mobile» АҚ басшылығы өзіне міндеттемелер мен қойылған міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікті алады және денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі саласындағы саясатты бұлжытпай орындауға ниетті және «KazTransCom» АҚ-ның әрбір қызметкерін оның жүзеге асырылуына қатысуға шақырады.