«Jusan Mobile» АҚ телекоммуникациялық қызмет көрсету саласында өз қызметін жүзеге асыра отырып, қоршаған ортаға өз ықпалын жағымсыз салдарын мүмкіндігінше азайтуға және алдын алуға ұмтылады. Біз қызметкерлердің, клиенттердің, бизнестегі серіктестердің және тұрғындардың өмірі мен жұмысының жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін деңсаулығы пен экологиялық қауіпсіздік саясатын жүргіземіз.
«Jusan Mobile» АҚ келесі бағыттар бойынша экологиялық саясатты:
- Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру және тиімді пайдалану;
- Қоршаған ортаның сапа нормативтерін сақтау, жобалау сатысында және өндіру үдерісінде жарамсыз экологиялық қырларын төмендету, бақылау және алдын алуды;
- Аз әрі қалдықсыз технологияларды пайдалануды;
- Қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату, қоршаған ортаны жақсартуды;
- Мүдделі тараптарды саясат талаптары туралы хабардар ету және ынтымақтасуды;
- Қоршаған ортаны қорғау бойынша жасалатын іс шаралар нәтижесін үнемі жақсартуды іске асырады.
Саясат мақсатына ойдағыдай қол жеткізу келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі:
- өндірістік қызметін Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік, халықаралық, жергілікті, корпоративтік заңнамалық талаптарға және басқа да нормативтік талаптарда пайдаланатын Экологиялық кодекске сәйкес іске асыру;
- Қоғамның қоршаған ортаны басқару жүйесіне қызметкерлерді оқыту және тарту, олардың экология қауіпсіздігіндегі ролі мен жауапкершілігін арттыру;
- өз міндеттемелерін орындағанда қоршаған ортаға зарарлы шығарымдарды шектеу және қысқарту бойынша қабылданатын саясат пен шаралардың дербес және бірлестірілген тиімділігін арттыру мақсатында басқа мүдделі тұлғалармен ынтымақтасу. Біз саясат пен шараларды үйлесімдіру жолдары мен тәсілдерін қарастыруға әзірміз;
- жаңа және жаңартылған энергия қуат түрлері мен жандандырылған экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге және кең пайдалануға жәрдемдесу;
- Қоғам объектілеріндегі аумақты көгаландыру және пайдаланған жердің орнын толтыру;
- энергия қуатты пайдалану тиімділігін арттыру;
- қоршаған ортаға «Jusan Mobile» АҚ көліктерінен шығарымдарды шектеу және/немесе қысқарту бойынша іс шаралары;
- өндірістің барлық деңгейлерінде жобалау және құрылыс кезеңін қоса ала отырып, өндірістік қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсерін алдын алу, бақылау және мониторингтеу;
- экологиялық қауіпті оқиғаларын жою кезінде және экологиялық апатты алдын алу жағдайларында байланыс қызметін үздіксіз ұсыну;
- өндірісте сертификатталған жабдықты пайдалану;
- табиғи ресурстар шығынын мониторингтеу, табиғи ресурстар өнімдері мен материалдарын үнемдеу бойынша іс шаралар дайындау және орындау;
- қоршаған орта менеджмент жүйесінің тиімділігін мен нәтижелігін арттыру және оны үнемі жақсарту.
2009–2010 ж. «Jusan Mobile» АҚ келесі мақсаттарды анықтады:
- техникалық және технологиялық сапа байланыс көрсеткішті «1» деңгейінде ұстау;
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, қауіпті қалдықтар төлқұжатын құрастыру;
- қалдықтарды (жарамсыз қағаздар, пайдаланған автошиналар, майлар, аккумуляторлар, металл сынығы, сынап қосылысты қалдықтар және т.б.) кәдеге жаратуға келісімшарт жасау/ ұзарту;
- қоршаған ортаны басқару бағдарламасын орындау «KazTransCom» АҚ басшылығы экологиялық саясаттын іске асыруын өз жауапкершілігіне алады, міндетті түрде мақсаттарды орындауға және «Jusan Mobile» АҚ барлық қызметкерлерін оны орындауға шақырады.
«Jusan Mobile» АҚ Басқармасымен бекітілген, 2009 ж. «04» маусымдағы № 20 Хаттама. 3-шi Басылымы