«Jusan Mobile» АҚ, телекоммуникациялық қызметтер саласындағы өз қызметін жүзеге асыра отырып, қолданыстағы халықаралық, мемлекеттік, жергілікті заңнамалық актілерге және корпоративтік талаптарға сәйкес көрсетілетін қызмет тізімін кеңейте отырып, олардың сапасын үнемі жақсарту, тәуекел-менеджментті, бизнес-процестерді оңтайландыру, өз қызметінің ашықтығы мен айқындығы, жаңартпа технологияларды енгізу мен телекоммуникациялық жобаларды іске асыру арқылы телекоммуникациялық желілерді дамыту негізінде клиенттердің мұқтажын барынша қанағаттандыруға ұмтылады.
«Jusan Mobile» АҚ сапа саласындағы саясатының бағыттары:
- тұтынушылардың сұраныстары мен күткен нәтижелерін барынша толық қанағаттандыру үшін, көрсетілетін қызмет сапасын тұрақты жақсартып отыру, сонымен қатар олардың күткен нәтижелерінен асып кетуге ұмтылу;
- «Jusan Mobile» АҚ өз клиенттеріне ұсынатын сервистерінің тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- «Jusan Mobile» АҚ бәсекелестік қабілетін жоғарылату және тұтынушылық қызметтер құндылығын арттыру;
- ұлттық және халықаралық нарығында «Jusan Mobile» АҚ-ның бейнесін сенімді жабдықтаушы және серпінді серіктес ретінде қолдау;
- бизнес-мақсаттарға жету және «Jusan Mobile» АҚ бизнес-процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- телекоммуникация саласында ең озық және жаңа технологияларды тұрақты игеру және енгізу;
- «Jusan Mobile» АҚ-ның әрбір құрылымдық бөлімшелеріндегі бизнес-үдерістерін басқаруды жоғары тиімділікпен ұйымдастыру;
- «Jusan Mobile» АҚ сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін тұрақты жоғарылату;
- «Jusan Mobile» АҚ қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби деңгейін қолдап отыру;
- жабдықтаушылар қызмет көрсету, өнімді жеткізу және мердігерлердің жұмысты орындау кезіндегі сапасын қамтамасыз ету.
«Jusan Mobile» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты келесілердің негізінде бизнесті ұйымдастыруға,
қызметтерді көрсетуге және сапаға жетуге бағытталған:
- «Jusan Mobile» АҚ-ның телекоммуникация желілерін дамыту және модернизациялау;
- барлық аспектілерде «KazTransCom» АҚ қызметінталдау;
- «Jusan Mobile» АҚ қызметін жоспарлау және болжамдау;
- маркетингтік зерттеулер;
- «Jusan Mobile» АҚ-ның икемді тарифтік саясаты;
- жаңа қызметтерді әзірлеу және енгізу;
- қолданыстағы рәсімдер мен бизнес-үдерістерге тұрақты мониторинг жүргізу;
- қызметкерлердің жоғары деңгейлі іскерлік мәдениеті мен атқарушылық тәртібі;
- клиенттер мұқтажына барынша бағытталған корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру келесі жолмен іске асады:
- қолданыстағы халықаралық, мемлекеттік, жергілікті заңнамалық актілерге және корпоративтік талаптарға сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асыру;
- клиенттің мұқтажына дара тіл табу негізінде кешенді шешімдер ұсыну;
- қосудың жоғарғы жылдамдығын және клиенттерге тәулік бойы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- жетекші өндірушілер мен дамыған инфрақұрылымның қазіргі жабдығын пайдалану;
- сапа менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қалыптастыру және оны жетілдіру, нәтижелігін үнемі көтеруді қамтамасыз ету;
- маркетингтік зерттеулер жүргізу, телекоммуникация нарығының дамуына және тұтынушылардың талаптарын талдау жасау, сонымен қоса, олардың қанағаттануын бағалау;
- Казтранском АҚ телекоммуникациялық желілеріне қызмет көрсету әдістерін еңгізу;
- жобалау қызметін бақылау;
- «Jusan Mobile» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен жоспарларын жоспарлау және мониторингтеу;
- жабдықтаушыларды, олардың өнімдерін, мердігерлер мен олардың жұмыстарының сапасын бағалауда арнайы әдістерді қолдану;
- «Jusan Mobile» АҚ бөлімшелерінің арасында өзара жедел және тиімді әрекеттестікті құру;
- Казтранском АҚ қызметіне ықпал етуші фактілер, ақпарат және тәуекелді жан-жақты талдау негізінде басқарушылық шешімдерді қабылджау;
- процестерді басқару барысында жүйелі жол пайдалану арқылы Қазтранском АҚ қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарлату;
- Казтранском АҚ ағымды қызметін бақылау әрі мониторинг жүргізу;
- персоналды таңдау мен дамытуда жүйелік әдістерді қалыптастыру, оның кәсіби дағдысын үнемі жоғарылату процестерін ұйымдастыру;
- «Jusan Mobile» АҚ қызметкерлерінің нақты өкілеттіктері мен жауапкершілігін анықтау;
- ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің негізінде «Jusan Mobile» АҚ-ның ақпараттық активтерін қорғау;
- сапа менеджменті жүйесінің ішкі және сыртқы аудитін жүргізу, оперативті жою мен сәйкессіздіктерін ескеру бойынша іс-шараларды жүргізу.
Қоғамның Жоғарғы Басшылығы қойылған мақсаттарға жету жөніндегі, сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін үздіксіз жақсарту кезінде белгіленген талаптарға сәйкес әрекет ету міндеттемелерін және жауапкершілікті өз мойнына алады және әрбір қызметкерді Сапа саласындағы саясатты іске асыруына қатысуға шақырады.
«Jusan Mobile» АҚ Сапа саласындағы саясатын жүзеге асыруда сенімді, пайдалы серіктес және жоғары сапалы телекоммуникациялық қызметтерді жабдықтаушы деген атағын шығарады және осы замандағы телекоммуникациялық нарығының демонополизацияландыру жағдайларында клиентпен ұзақ мерзімді қатынастарды қалыптастырады.
«Jusan Mobile» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты кез-келген мүдделі тұлғаға қолжетімді.