«Jusan Mobile» ААҚ-ның алкоголь және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу саясаты «Jusan Mobile» ААҚ жұмыс істейтін жұмыскерлері, бизнес бойынша серіктестіктері үшін кауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасауға талпынады және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында мүмкін болатын кез келген тәуекелді жою немесе қысқарту мониторингісін өткізеді.
«Jusan Mobile» ААҚ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты басқару саласы жүйесінде алкоголь мен есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу бойынша төмендегідей саясатты жүргізеді:
«Jusan Mobile» ААҚ аумағында жұмысты орындау кезінде, адамдардың бәріне, есірткі заттары мен алкоголь өнімін сатып алуға, сақтауға, пайдалануға, таратуға қатаң тыйым салынады. Аталған тыйым салу дәрігер тағайындаған және рецепт бойынша сатып алынған және жұмыскердің жұмыс сапасына немесе оның өзінің лауазымдық кызметін орындау қабілеттігіне әсер етпейтін дәрі-дәрмекке колданылмайды.
«Jusan Mobile» АҚ қызметтік автокөлігінің жүргізушілері рейске шығар алдында компания ұйымдастыратын медициналық тексеруден өтуге міндетті. Жүргізушілерді жұмысқа рұқсат ету наркологиялық (алкоголь) бақылауын жүргізуге құқығы бар тұлға арқылы аталған қызметті жүргізгеннен кейін жүзеге асады.
Жұмыскерден мас болу (улану, алкоголь, есірткі қабылдау) белгілері білінсе, оның жұмыс қызметі дереу тоқтатылуы тиіс және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол мемлекеттік медициналык мекемеге медициналық тексеруге жіберілуі қажет, онда медициналық көмек көрсетілумен қатар оның мастығы тексеріледі. Нәтиже күткендегідей болып шықса, оны жұмыстан шығаруға дейінгі қатаң тәртіптік шара қолданылады.
Аталған саясат Қоғамның жұмыскерлеріне және бизнес бойынша серіктестеріне ақпарат беру мақсатында хабарланады.
«Jusan Mobile» ААҚ 02.06.2005 ж. № 124-П Бұйрығымен бекітілген.