«Jusan Mobile» АҚ қаржы саясаты
Телекоммуникациялық қызметтер рыногында коммерциялық ұйымы болып табылатын «Jusan Mobile» акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін көтеруге, экономикалық қайтарымға және пайда түсімділігіне талпынады.
«Jusan Mobile» АҚ қаржы саясаты стратегиялық пен тактикалық мақсаттарға жету үшін компанияның қаржы құралдарын мақсатты пайдалануын анықтайды. «Jusan Mobile» АҚ негізгі стратегиялық қаржы мақсаттарының бірі компанияның нарықтық бағасын көтеру болып табылады.
«Jusan Mobile» АҚ қаржы саясаты осыған бағытталған:
- Компанияның толығымен және де оны құрайтын бизнес-бірліктерінің пайда түсімділігін көтеру;
- Компанияның қаржы тұрақтығын күшейту;
- Компанияны қажет қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- Қаржы тәуекелдіктерін төмендету.
«Jusan Mobile» АҚ Қаржы саясатының орындалуы келесі шаралар арқылы жүзеге асырылады:
- Компанияның есептеу және салық саясаттарын жетілдіру;
- Бюджеттік жоспарлау және бөджеттік бақылау жүйелерін жетілдіру;
- Тарифтік саясатты жетілдіру, өндірістің жоспарланатын өзіндік құнын есептеу және нақты өзіндік құнын талдау;
- Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді ҚЕХС-қа сәйкес құрастыру;
- Табыстардың, шығыстардың және іске қосылған активтердің қызмет түрлері бойынша айырып есеп жүргізуін дайындау, енгізу және жүргізу;
- Компанияның кредиторлық саясатын жасау;
- Компанияның қаржы активтерін тиімді пайдалану;
- Пайда түсімділігінің деңгейі орташа рынок деңгейінен төмен болмайтын инвестициялық жобаларды іске асыру;
- Ақшалай қаражаттардың қозғалысын бақылау және талдау, қаржылық ағымдардың анықтылығын қамтамасыз етсін;
- Қаржы-экономикалық жағдайын талдау және бағалау;
- Корпоративтік қаржылық ақпараттық-аналитикалық жүйесін жасау.
«Jusan Mobile» АҚ жоғары басшылығы қойылған мақсаттарды орындауға міндетті өзіне жүктейді және «Jusan Mobile» АҚ әрбір қызметкерін Қаржы саясатты іске асыруға шақырады.
«Jusan Mobile» АҚ Қаржы саясатының іске асыруы компанияға сенімді, пайда әкелетін және жоғары сапалы қызметтерді ұсынатын серіктес атағын қамтамасыз етеді және клиенттер мен серіктестермен ұзақ мерзімді қатынастарды қалыптастырады.