Ваш регион - Алматы?
Да    
+7(727)237-77-77
info@jusanmobile.kz
Ваш регион - Алматы?
Да    

Бізге қонақтар келді! 03.02.2017


№2 балалар үйінің жиырма бес тәрбиеленушісі, тәлімгерлерімен бірге, бізге кәсіби бейімделушілік жұмыстарын жүргізу үшін шақырылды. Бұл шара, балаларды компания құрылымымен, атқаратын функцияларымен, осында жұмыс жасайтын қызметкерлердің мамандығы мен компания көрсететін қызметтер түрлерімен танысып, шолу жасау.

Қоғамның Бас офисінің алты бөлімшесі балалардың келуіне дайындықты бастап кетті. Тәрбиеленушілердің төмендегі бөлімшеледің қалағанына баруға мүмкіндіктері болды.

Олар:

Аталмыш шара, берілетін ақпарат жағынан, құрылымы мен және ұйымшылдығымен есте қалды. Оқырманға, аз да болса осы күнге саяхат ретінде фотосүреттерді ұсынамын.

Ең бастысы, бұл жолы әдеттегідей мереке ұйымдастырмай, «үлкендердің» шынайы жұмыс барысын көрсеткіміз келді. Сонымен қатар, балалар үйінің қабырғасында өмір сүре, болашақта жоспарлар құруға өзінің қандайда бір септігін тигізетін  жасөспірімдік қызығушылықты арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Ал осындай кәсіби бейімдеушілік шараларына барып үйренген балаларды, көбіне кәсіптік зауыттарға, өнеркәсіптік қоймаларға апарып, жұмыстың барысын және нәтижесін қатар көрсетеді. Ал біздің жұмыс одан айырықша, бір бірінен айнымай қалған кеңселердің іші толған компютерлер мен, телефон тұтқасынан түспейтін ересектер.

Біздің көздеген мақсатымыз мүлдем басқа еді. Компанияның мұндай ерекшеліктерінен басқа, біз әрбір ірі компания, өзінің жұмысын функционалды түрде атқаруы үшін, белгілі бөлімшелер жинағын ұйымдастыруы қажет. Осы бөлімшелерде, экономика мамандары, сату бөлімі менеджерлері, HR-мамандары, заңгерлер т.б. еңбек етеді.

Және, меніңше, біз орындап шықтық!

Ал енді оның іс-шараның болар-боласы жайлы...

Барлығы өте салмақты өтті. Мәжіліс-залы.Презентация. Ал кейін жасөспірімдер үшін таңдау кезегі келді (фасилитация арқылы). Таңдау біз үшін бірер таңғаларлық жайттарға толы болды. Себебі, біз елестеткендей емес, балалардың өмірлік ұстанымдары мен олардың әлемге деген көзқарастары әлдеқайда салмақты, қазіргі заманға сай болып шықты. Олардың бөлімше таңдауына, ұйымдастырушылардың өз бөлімшелеріне қарату мақсатындағы жасаған мини-промоушендары, аргументтері де көмекке келмеді.

  

Бірінші таңдаудың қорытындылары бойынша, ең таудаулы болып Техникалық блок және Сату Департаменті + Сату және қосуды қолдау Департаменті шықты.Нәтижелерді түсінген халық - «Ди Каприо жұмыс істейді!»  - деп ұрандады (әрбір департамент бөлімшелерді иллюстрация арқылы көрудің өз нұсқасын ұсынды).

 

Жиналғандар топтанып болған соң, топ жетекшілерімен бірге «казтранском» ғылымының жаңғағын шағуға жөнелді.

«Сіздердің кейбіреулеріңіз Патрис Лумумб университетінде оқығандарыңызбен, сіздер тропикалық аралда өмір сүретін, адам жегіш тайпасыздар......:)». Міне, мүлдем сіздерге жақын жерде ұшақ апатқа ұшырады,соның нәтижесінде сіздердің қолдарыңызға аман қалған бірнеше жолаушылар ілікті. Сіздерге, олардың қайсысы алдыда пайдалы болуы мүмкін екендігін анықтап және оның қайсысын жеуге тура келетіндігін ажырату қажет. Ал жабайылардың қолдарына іліккендерге, өздерінің бар қабілет-күшін салып, пайдалылықтарын көрсету қажет....»

  

Сонымен, үшеудің екеуі шығып қалды.

Адам жегіштер ойыны тәлімгерлерге ұнағаны соншалықты, оны жүргізген Алипинов Абзалдан келесі күні ойынның барлық сұрақ-жауаптары мен сценарийлерін сұрап жатты.

 

«Біз өзімізді әрдайым осылай сезінеміз»! «Ересектер де, кей кездері өздерінің не қалайтындарын білмей жатады». Ал біз, өзіміздің ұсыныстарымыз бен көрсететін қызметтеріміз арқылы, олардың кей өндірістік сұрақтарының шешімін табуға көмектесеміз. Қандай да бір қажетті тетікті орналастыру үшін, оны қайдан алуға борлатындығын, сонымен қатар оны қалай орналастыру керек екендігін білу қажет. Болмыш апаттардың алдын алу мақсатында өте қажетті зат. Ал сен мына жерге қарап, жасап көріңіз! Көрдің бе, сен оның барлық әрекеттерін қадағалап, ол не жасап отырғанын және әрекеттерін  бақылауға мүмкіндігің бар".

   

Сату  және қосуды қолдау департаментінің Директоры – Горячев Сергейді  қатысушылар мұқият тыңдай отырып, сату бөлімшесінің жұмысы мен орнын анық белгілей алды (және оған мұқтаж екеніміз айқындалды).  

Сату  және қосуды қолдау департаментінің аргументі болып, «Морской VSAT» жобасы бойынша 2016 жылы іске асырылған техникалық ерекшеліктер, былайша айтқанда пресс-релиздер болып табылды.

 

«Енді, біз шоколадтың қандай болатындығын түсіндік! Ал егер біз, дәл осындай өнім шығарғымыз келетін болса, онда алдымен біздің ресурстардың нақты мүмкіндіктеріне көз жеткізіп, өзіндік құнын есептеу қажет...

Келесі кезекте, ол үшін, қанша ақша төлеуге дайын және қандай кезеңділікпен екендігін анықтаған жөн...

Бұл сұрақтың жауабы анықталған соң,бұл өнімді біз қалай және қай дүкенде сатуға шығармақпыз? – деген сауалды талдауымыз қажет....»

  

Зерттеу нәтижесінде, «Школьник» номиналды қара шоколад ойластырып шығарылды. Оның құны бір плитка үшін 200 тг –ні құрайды және шоколад мектеп асханаларында сатылмақ.

 

«Заңгер – бұл коммуникативті және ой-өрісі кең дамыған тұлға».

Халық аузында: «Заңгерлерге ақшаны не үшін төлейді»? – деген сұраққа жауап: Себебі олардың білмейтіні бит ішінде» деген тұжырым бар.

«Өте жақсы сөйлей отырып, ортасына байланысты сөз таңдай білу, сабырлы болу, мақсатқа ұмтылған жан бола отырып, өзінің атқаратын ісін тыңғылықты орындай алу, әркімнің қолынан келе бермейді және бұл адам бойынан табылатын қадірлі қасиеттердің бір тобы».

«Әрбіреудің өз ақиқаты бар. Біреуінікі өзіне, екіншісінікі өзіне, ал біздің, яғни  заңгерлердің өз ақиқаты туындайды».

 

Біз юриспруденцияның қандай екендігі жайлы сөз қозғаудамыз....

Юриспруденция қызметінің бағыттары,бұл салада жұмыс атқару үшін  қандай ғылымдарды меңгеру керек екендігі туралы, заң, мемлекет, құқық аясындағы сұрақтарды қозғай отырып, мамандықты қандай адамдар меңгере алатындығын сапыра отырып, тестілеу жұмыстарына дейін атқарып үлгердік. Тағы да ... ақтау үкімін шығару кезіндегі, ақтаудың басты факторына айналған адвокаттың сөзін тыңдап, көркем филімнен үзінді тамашаладық.

 

"Білесіздер ме? Кәбілді неге гофраның ішіне орналастырады? Себебі..ол өте нәзік. Ал гофра қарама-қарсы өте икемді және бұл ретте берік материал. Гофраға жүктеме артылған сәтте, ол қаттылық қырын көрсетеді және кәбілдің бүлінуіне  мүмкіндік бермейді. Бұл, әсіресе, кәбіл трассалардың астымен немесе көлік магистральдары арқылы өткізілген кездерде, топыраққа әркелкі жүктеме бар жерде тиімді.

 

Бұл жайлы айтылып, көрсетілді. Гофрақұбырлардың беріктігін тексеріп, пластикалық стакандардан телефон жасап, жасанды желі құрдық.

 

«Инфрақұрылым — кез келген мемлекет және компанияда болатын объект.Компанияны дамыту үшін инфрақұрылымды құра отырып, біз қозғалыстың ортақ іргетасын қалаймыз».

 

Инфрақұрылымдық жобалар бойынша атқарушы директор – Кислицын Александр, инфрақұрылымға ден қоя отырып, кері байланыс тақтасын «Біз инфрақұрылымды сүйеміз!» сынды жазулармен толтырған екен.

 

Операторлармен жұмыс жүргізу және дистрибуцияны дамыту департаменті атынан шараға қатысқан Закирова Роза, қатысушыларымызбен кәсіби бейімдеу жұмыстарын жүргізе отырып, бөлімшенің жұмысына толық шолу жасады.Нарық сараптамасы. Операторлардың сұранымдары мен қажеттіліктері. Әлеуетті әріптестерді айқындау, олармен қызметтер, мәмілелер, шарттар бойынша қарым-қатынасты нығайту және т.б., шарттар жүргізу және әрине, табыстардың өсуі...

  

Закирова Розаның әңгімелері жасөспірімдерге ұнағаны соншалық, олар келесі айналымда да, өз қалауларын өзгертуге асықпады.

Ал, қызметтерді дамыту Департаменті, жұмысқа тұру барысындағы жүріс-тұрыстан бастап, сөйлеу мәнері, жұмысқа қабылдау процесі, қызметкерлермен оқыту, квалификация өрбіту және дамыту т.б. жайлы ғана айтып қоймай, Баирханова Анар бастатқан топ, қызығушылық танытқан тәрбиеленушілерімізді дәмді тағамдармен тамақтандырып,шәй демдеп, олар жайлы кішігірім видео ролик түсіріп үлгерді.

 

Өкінішке орай, бұл шараның ауқымды болғаны соншалық, мен өз басым барлық жерде болып, көзіммен көріп, тірі эмоцияларды қағып ала алмадым......Тіпті, қай ортада болсам да, сол жерде ұзағырақ қалып, процесстерді тамашалағым келді......Әр минут сайын, мен компаниямызды басқа қырынан тани бастадым. Компания ішінде бірге жүріп, алар асқар шыңдарымызды жалғыз емес, ұжым болып бағындаратынымызға көзім әбден жетті. Аз уақыт ішінде осыншама аққапартқа құлағдар болған қонақтарымызды кофе-брейкке шақырдық, олардың аса басым бөлігі шай емес таңдауларын кофеге тоқтатты. Кеш батысымен, мәжіліс залына қайта жиналған жасөспірімдеріміз, қойылған тақташаларға өз таза эмоцияларын сала отырып, жүрек, алғыс белгілерін білдірді. Олар тіпті меннен баскетбол ойыны бойынша турнир ұйымдастыруымды сұрады.Осындай қызықты ұсыныстар келді... 

Шынымды айтсам.... бұл өте жүректі елжірететін сәттер еді.... Осыдан бір жыл бұрын, осы балалар бірінші кездесулер кезінде, бізден қашқалақтап, бізбен сөйлескілері келмей фотоаппаратпен суретке түсірмеуімізді өтінуші еді.

Осы іс –шараға қатысуға арнайы келген Оңтүстік филиал директоры Пришибский Виктор сөз сөйледі. Өзінің шынайы өмірінен үзінді баяндап, мансап құру жолындағы жетістіктер мен күйзелістер жайлы, осы компаниядағы жолын диспетчерліктен бастаған Будон Нелли де бірер сөз қозады. Бас Директордың коммерция жөніндегі орынбасары – Алибаева Айсұлу өзінің бұл компаниядағы жолын Астана қалалық филиалының есепшілер бөлімінен бастағаны жайлы баяндап, бұл кешімізді әдеттегідей қорытындылады.

Естелік ретінде біз балаларға компанияның атынан коропративтік блокноттар табыстадық.

P.S. Тақталардың бірінен мен - “Келесі жиынды асыға күтеміз» деген жазуды байқап қалдым. Міне, дәл осы сәтте, біздің осы міндетімізді толығымен орындай алғанымызға көзім жетті.Бұл жеңіс!

 

Флипчарттағы жазулар: Сіздер кереметсіздер! Сіздер ең үздіксіздер. Бізге келіңіздер"... (Шын ниетіміз .... )
«Мен келешекте инженер болғым келеді! Мен Омның заңдылықтарын көрдім және өте қызықты пакеттер жайлы біліп, таныдым».
«Жарнама — бұл өте маңызды!»
«Біз бұл жерде  позитивті, креативті, өте ашық-жарқын адамдармен таныстық».
«Мен осы жерте жұмыс жасаймын!»

 

Ирина Молчанова