«KazTransCom» АҚ 2018 жылғы Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексіне сәйкес салық мониторингіне жататын салық төлеушілер (ірі салық төлеушілер) шот-фактураларды электронды түрде ұсынуға міндетті екенін хабардар етеді.
Осыған байланысты, Компания 2018 жылдың қаңтарынан бастап міндетті түрде электронды шот-фактураларды esf.gov.kz. сайтында Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) арқылы ұсынуға ауысады.
Электронды шот-фактуралар ЭШФ АЖ қол жетімді болады.
Сондай-ақ, шарттар шот-фактуралардың міндетті электронды түрде шығарылатыны туралы тармақпен толықтырылатыны туралы хабарлаймыз.
Сіздердің түсіністіктеріңізге үміттенеміз және одан әрі жемісті ынтымақтастықта боламыз деп сенеміз.