kSpot Gateway қызметіне қосылыңыз. Дұрыс Wi-Fi шешім таңдаңыз!
Сізде жеке Wi-Fi желіңіз орнатылып, толықтай іске асырылып жатыр ма? Алайда, Қазақстан Республикасы заңдарына сай SMS авторизациялау көзделмеген бе?
kSpot Gateway қызметі - сіздің Wi-Fi желіні SMS авторизация механизмімен және бизнесіңізді өркендету үшін қосымша маркетингтік құралдармен толықтыратын жылдам да қолайлы әдіс.
Бұл меншікті Wi-Fi-ды қолданатын, алайда, SMS авторизация механизмын қамтымайтын: кафелер мен мейрамханалар, интернет кафелер мен компьютерлік клубтар, кинотеатрлар мен сауда-ойын сауық орталықтар, әуежайлар мен вокзалдар, бизнес-орталықтар мен банктер, абоненттік бөлімдер, ХҚКО, оқу және денсаулық ұйымдардың, үшін тамаша шешім. kSpot Gateway желісінде өткізу қабілеті 200 Мб/сек және бір сәтте 200 клиенттік қосылымдарды қамти алады.
Мәлімет:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінiң 2018 жылғы 28 мамырдағы № 234 бұйрығына сай, пайдаланушы қоғамдық қолжетімділік орындағы желіде өз абоненттік нөмірінен СМС жолдау арқылы тіркелуге тиіс. СМС арқылы оның нөміріне жеке пароль келеді, немесе жеке куәлігін ұсынып, тіркелуге тиіс.
Тіркелудің өзге тәсілдері Қазақстан Заңнамасына сай келмейді. Аталмыш Ережелер Интернет желісіне қолжетімділік қызметін көрсететін барлық қоғамдық орындарға таралады. Осы Ереже сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасы әкімшілік жазаға тартады. Соның негізінде бизнес иелері айып пұл төлеуге міндеттеледі.
1 |
Сіздің мекемеден тыс жерде SMS хабарлама мен Wi-Fi-ға қосылу барысында жарнамалық және ақпараттық хабарларды пайдаланушыларға арнайы жеткізу |
2 |
Енді Wi-Fi желісінің техникалық қолдауы туралы және қымбат жабдық сатып алу жайлы уйымдамаңыз. KazTransCom компаниясы Интернет кіргізіп, Wi-Fi жабдығын орнатады, және қажетті жөндеуді ретке келтіреді |
3 |
Сіздің мекеменің Wi-Fi пайдаланушылары туралы ақпарат жаңа клиенттерді тарта отырып, тиімді маркетингтік компаниялар жүргізе алады |
4 |
Екі күн ішінде Қазақстанның кез келген жерінде қызметке қосамыз |
5 |
Қазақстан Республикасы заңнамасына сай SMS арқылы тіркелу механизмін қамтитын Қолданыстағы Wi-Fi желісін толықтырады |
6 |
Кез-келген байланыс операторы желісінде шоғырланым мүмкіндігі бар |
Wi-Fi-желісіне қосылған соң клиенттің құралында старттық бет ашылады. Онда ұялы телефон нөміріңізді көрсетесіз. Сол нөмірге SMS-хабар келеді, осында көрсетілген жеке пароль арқылы Интернетке кіресіз. Осы парольді старттық бетте еңгізу қажет. Осыдан кейін клиент Wi-Fi желісіне кіре алады.
Қызметті басқару, ақпаратпен жұмыс жасау, SMS хабарлама статистикасы, кірген адам саны, жынысы, жасы, құрал түрі, қызығушылықтары.
Он күн ішінде бұл қызметті тестілеуге болады.
Хостелдер мен қонақ үйлер иелеріне жеке кабинетте Wi-Fi желіге қолжетімділік парольдерін іздестіру мүмкіндігі.
Жеке менеджерлер, сертификатталған техникалық қызметкерлер, желіні тәулік бойы мониторингтеу, техникалық және ақпараттық қолдау арқылы қысқа мерзімде техникалық мәселенің бәрін шешуге болады.
Қолданыстағы Wi-Fi желілеріне арналған ақпарат: kSpot Gateway оңай әрі жылдам интеграцияланады. Сіздің желі күрт өзгеріске ұшырамайды, ал шоғырланым мәселесін өз мойнымызға аламыз.
Әр тапсырыс берушіге дара тіл табамыз. Старттық бетті тегін брендтейміз, кастомизацияланған шешімдерді шешу мүмкіндігі. SMS хабарламалар құны бірыңғай, тіпті халықаралық бағыттардың құны да бірдей.
Қызмет құны қосу жылдамдығына, қамту алаңына және басқа да қосымша қызметтерге сай есептеледі.