Кез-келген деңгейдегі DDoS шабуылдарын тиімді анықтау және қарсы тұру.
Корпоративтік АТ жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, компанияңызды DDoS шабуылдарынан қорғағыңыз келе ме?
"DDoS шабуылдарынан қорғану" қызметі Сіздің бизнесіңіздің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Желі секундына 1.5 ТБ жалпы қуаты DDoS-шабуылдардың үлкен санына тұрақты әсер ету негізігнде салынған.
Бүгінгі таңда DDoS шабуылдары Интернетте бизнес жүргізетін компаниялар үшін өте қауіпті болып саналады. Корпоративтік сайттар, интернет-дүкендер, корпоративтік пошта серверлері мен жаңалықтар ресурстары шабуылдарға жиі ұшырайды. DDoS шабуылдары - кесірін тек қаржы жағынан ғана тигізіп қоймай, Сіздің компанияңыздың абыройына нұқсан келтіре отырып, көпшілік клиенттердің жоғалуы мәселесінн әкеліп соғуы мүмкін.
Шабуылдар жиілігі мен ұзақтығы артқан сайын, сіздің бизнесіңіздің тиімді және сапалы қорғаулуын қамтамасыз ету маңызды болып табылады. KazTransCom ұсынған "DDoS шабуылдарынан қорғану" қызметі DDoS шабуылы кезінде Интернет ресурстарының және желілік инфроқұрылымдардың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. DDoS шабуылы кезінде, Сіздің жүйелік жабдығыңызға қол жетімділікке 99,5% кепілдік береміз.
1 |
Сіздің компанияңыздың Интернет ресурстарының және желілік инфроқұрылымдардың тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету |
2 |
Кез-келген деңгейдегі DDoS шабуылын анықтап, алдын алу |
3 |
Білікті АТ мамандарын ұстау және жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету үшін бюджетті үнемдеу |
4 |
Қызметті қосу - уақытыңыздың бірнеше сағатын алады, оның ішінде сіздің Интернет ресурсыңызға шабуыл жасалған сәт |
5 |
Біздің инженерлеріміз, сіздердің АТ мамандарыңыздың көмегінсіз қызметті қосу, параметрлерін ретке келтіру жұмыстарын тез арада орындайды |
"DDoS шабуылдарынан қорғану" қызметі тәулік бойы сіздің Интернет ресурсыңыздың кіріс трафигін қадағалайды, DDoS шабуылдарынан төнген қауіпті анықтайды, және қауіп болған жағдайда, зияткерлік желі сүзу-тазарту мақсатында, барлық трафиктің ішкі желісінен өтуді өзгерте отырып, автоматты түрде сүзгілеу механизмін іске қосады. Сондай-ақ, клиент тарапынан жауапты тұлға, SMS хабарламасы арқылы және электрондық пошта арқылы шабуыл басталғаны туралы және шабуыл аяқталғаннан кейін хабарлама түрінде ақпаратты жылдам алуға мүмкінді бар. Шабуыл аяқталған соң, жүйе автоматты түрде клиенттің шабуыл жасалған ішкі желісі үшін, трафиктің оңтайлы маршрутын қайтарады.
Қызмет толығымен KazTransCom тарапымен іске асырылды және Сізге қосымша жабдық орналастырып немесе бағдарламамен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.
DDoS шабуылы кезінде, сіздің жүйелік жабдығыңызға қол жетімділікке 99,5% кепілдік.
Қызмет қосылған сәттен бастап, ресурс үздіксіз қорғау жүйесінде.
SMS хабарламасы арқылы және электрондық пошта арқылы шабуыл басталғаны туралы ақпаратты лезде алу.
Дербес менеджерлер, сертификатталған техникалық мамандар, тәулік бойы жүргізілетін желі мониторингі, техникалық және ақпараттық қолдау техникалық проблемаларды қысқа мерзімде жоюға мүмкіндік береді.
DDoS шабуылдарының тұрақты талдануы, сүзгілеу тізімін тұрақты жаңарту. Қауіптердің түрлеріне белсенді әрекет ету.
Қызметтер құны тарифтік жоспарларға және қосымша қызметтерге байланысты жеке есептеледі.